Жетісу және Алматы областыранда жаздық бидай себу науқаны жалғасуда, жауған жауын-шашын көктемгі егіс жұмыстарын шамалы төмендеткен. Ерте себілген жаздық бидай егістері «көктеу» кезеңінде, өсімдіктердің жағдайы және егіс жұмыстарының сапасы жақсы.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде жаздық бидай «дәннің өнуі» – «түтікке шығу» даму фазаларында, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Батыс Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаздық бидайға топырақты дайындауға кіріскен.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде оң ауа температурасы мен мол жауын-шашын аясында күздік бидайдың вегетациялық кезеңі жалғасуда. Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында күздік бидай «түптену» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» фазасында, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Еліміздің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдарды (дәнді жүгері, күріш, қант қызылшасы, мақта) себуге кіріскен, өсімдіктердің жағдайы мен жұмыс сапасы жақсы.
Елдің оңтүстігіндегі жеміс дақылдары бақшаларында (алма, алмұрт) «алғашқы жапырақтардың ашылуы» - «гүлдену» даму фазалары байқалған, дақылдардың жағдайы барлық жерде жақсы. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнгі ауа температурасының минус 3...8ºС дейін төмендеуінен орын алған үсік, қарқындылығына байланысты жеміс дақылдарының зақымдануына әкелуі мүмкін.
Оңтүстік аймақтардағы көпжылдық шөп (жоңышқа, беде) егістерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болу» эспарцетте «сабақтың өсуі» фазалары байқалған. Шөптердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Жайылымдарда мал жаю тегіс жүргізілген. Еліміздің оңтүстігінде төлдеу, жазғы жайылымдарға мал айдау және ветеринарлық іс-шаралар жалғасуда.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Жайылымдағы шөптердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.
Шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Қарағанды облысының Нұра және Шет аудандарында шымның дымқыл болуы байқалған.
Сәуірдің 2-ші онкүндігінде топырақтың өнімді ылғал қоры Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында жеткіліксіз, Ақтөбе және Абай облыстарында қанағаттанарлық, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында ылғал қорының оңтайлы болып қалыптасуы байқалған.