Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріне арналған EUMETSAT ақпараттық күні

IconЖарияланды 27.04.2023

2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Грузия Республикасының Тбилиси қаласында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің  метеорологиялық қызметтеріне арналған EUMETSAT ақпараттық күні өтуде. Іс-шараға Қазақстанның тарапынан «Қазгидромет» РМК мамандары қатысуда. 

Бұл аймақтық іс-шараны EUMETSAT және Грузияның ұлттық қоршаған ортаны қорғау агенттігі бірлесіп ұйымдастырды. Ақпараттық күннің мақсаты - аймақтан метеорологиялық спутниктік деректерді пайдалану және олардың артықшылықтары туралы пікірлерді жинау. Кездесуде оған қатысушы елдердің аймағында болатын  қатал ауа райы құбылыстары туралы  алдын ала ескертуге спутниктік бақылаулардың қосатын үлесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шарада EUMETSAT өкілдері үшінші буынның жаңа Meteosat (MTG) спутнигіне ерекше назар аудара отырып, EUMETSAT қызметінің ағымдағы мәртебесі, соның ішінде ЕС Copernicus бағдарламасына қосатын үлесі туралы айтты. Ақпараттық күн іс-шарасында сонымен қатар Meteosat спутнигінің деректеріне қол жеткізу және оны пайдалануды жеңілдету бойынша бірлескен шаралар пысықталды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз