Бүгін біз желдің жылдамдығы мен бағытын өлшеуге арналған тағы бір метеорологиялық аспап туралы айтамыз – бұл М63-М1 Анеморумбометрі.
Метеорологияда бұл аспап 1983 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданылады. М63-М1 анеморумбометрі тез, максималды және орташа жылдамдықты және стационарлық жағдайда желдің бағытын қашықтықтан өлшеуге арналған. Аспаптың құрамына жел датчигі мен пульт кіреді. Датчик – 50...50 °C температура кезінде және салыстырмалы ылғалдылығы 98%-ға дейін; пульт – 5...50 °C температура кезінде және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-ға дейін пайдаланылады.
Бұл аспаптың негізгі міндеті – кез келген уақыт аралығында (сағат, тәулік, ай, жыл) жел туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін деректерді мұрағаттау. Алынған ақпаратты өңдеу кезінде «Қазгидромет» РМК мамандары оларды одан әрі болжамдарды жазу және гидрометеорология мен агрометеорологияда ұзақ мерзімді болжамдар жасауда пайдаланады.