Орталық Азиядағы ауа мониторингі бойынша американдық жоба

IconЖарияланды 12.05.2023

2023 жылғы 11 мамырда «Қазгидромет» РМК-ге американдық Duke университеті мен Назарбаев Университетінің өкілдері келді. Сапардың мақсаты – Астана қаласы бойынша ауа сапасының датчиктерін орнату. Қазгидромет басшылығы қонақтарға атмосфералық ауа мониторингі мемлекеттік желісін көрсетіп, жүргізіліп жатқан жұмыстар, AirKZ мобильді қосымшасы туралы әңгімелеп берді және атмосфералық ауа мониторингі интерактивті картасының жұмыс қағидаттарын түсіндірді.

Дьюк университетінен келген американдық делегациясының басшысы Майк Бергин Назарбаев университетінің профессоры Дхавал Шахпен бірге 20-дан астам сенсор әкелуге ниеттеніп отырғандығын, олардың көмегімен зерттеулер жүргізілетіндігін білдірді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз