Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп-өнуіне қанағаттанарлық жағдай болған. Түнгі минус 8°С дейінгі аяз әсіресе Алматы облысында өсімдіктердің дамуына әсер етуі мүмкін.
Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы болған, даму фазасы «түтікке шығу» - «масақтану».
Егін науқаны жалғасып жатқан Алматы және Жетісу облыстарынан басқа республиканың оңтүстік облыстарында жаздық дәнді дақылдарды себу аяқталды.
Жетісу облысында жаздық бидай дақылдары «3-ші жапырақ» - «түптену» даму фазасы байқалған, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы. Жаздық арпада «дәннің өнуі» –«3-ші жапырақ» фазасы байқалған, өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жаздық арпа «дәннің өнуі» - «түптену», Түркістан облысының жеке аудандарында – «масақтану» кезеңінде.
Еліміздің солтүстік жартысында тегіс көктемгі егін жұмыстарына сүдігерге жырту мен тырмалауға кіріскен.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында топырақ дайындау және жаздық дәнді дақылдарды себу жалғасуда, ерте себілген егістіктерде алғашқы өскіндер пайда бола бастаған.
Жылу сүйгіш дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда (дәнге жүгері, күріш, қант қызылшасы, соя, мақта, пияз), ерте себілген егістерде алғашқы көктеулер пайда болған. Өсімдіктердің жағдайы мен дала жұмыстарының сапасы жақсы.
Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс тұқымын себуге кіріскен. Ерте себілген егістерде алғашқы көктеулер пайда болған, жағдайы жақсы.
Алматы және Қарағанды облыстарында бақыланатын учаскелерінде топырақ өңдеуге және картоп отырғызуға кіріскен, дала жұмыстарының сапасы жақсы.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жеміс дақылдары бақшаларында (алмұрт, алма ағашы) көбінесе «гүл шоғырларының пайда болуы» – «жемістердің қалыптасуы» даму фазасы байқалған, дақылдардың жағдайы өте жақсы және жақсы.
Республиканың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптер (жоңышқа, беде) егістіктерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» – «гүлдену», эспарцет шөптерінде – «сабақтың өсуі» фазасы байқалған. Шөптердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.
Солтүстік облыстарда еркек шөптің вегетациялық кезеңі жалғасуда. Еркек шөптің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, Павлодар облысының жеке аудандарында нашар.
Жайылымдарда мал жайылымы тегіс жүргізілген. Атырау облысының Қызылқоға ауданында және Жетісу облысының Қаратал ауданында мал басын азықтандыру жалғасуда.
Қойлардың төлдеу науқаны, қырқу және профилактикалық шомылдыру жалғасуда.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Жайылымдардағы шөптің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, жеке жайылымдарда өте жақсы болған.
Шымның жағдайы көбінесе құрғақ, дымқыл Ақтөбе облысының Әйтеке би және Байғанин аудандарында байқалған.
Топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғал қоры Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Жетісу және Абай облыстарында оңтайлы, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарында қанағаттанарлықтан жеткіліксізге дейін, еліміздің қалған аймағының басым бөлігінде топырақтың ылғалдануы қанағаттанарлық болып қалыптасқан.