2023 жылғы 5-27 мамыр аралығында АҚШ-та «Халықаралық келуші-көшбасшылар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын әлсірету» тақырыбында тәжірибе алмасу бойынша халықаралық бағдарлама ұйымдастырылды.
Бағдарламаның мақсаты - федералдық, жергілікті және штаттық деңгейдегі климаттық саясатты жүзеге асыруды көрсету, климатқа бағдарланған ұлттық және жергілікті бюджетті әзірлеу, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын әлсірету жоспарларын бекіту.
Қазақстанның тарапынан бағдарламаға «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Тілеген Шапанов қатысты.
Эксклюзивті бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен бірнеше қалаларға (Флорида штатының Вашингтон қ., Флорида штатының Пенсакола қ., Техас штатының Даллас қ., Невада штатының Рино қ., және Висконсин штатының Мадисон қ.) баруды және климаттың өзгеруі және оған бейімделу мәселелерін талқылауды қамтиды.