2023 жылғы 22-24 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Орталық Азия өңірінде тез өрбитін су тасқынының пайда болу қаупін бағалау жүйесі (ТӨСТПҚБЖ) бойынша өңірішілік тренингтің бесінші кезеңі өтті.
Бұл тренингтердің мақсаты - өнім және жүйені пайдалану бойынша әлеуетті арттыру, сондай-ақ өңірлік операциялардың тұрақтылығын сақтап қалу. Оқытуға Орталық Азия елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің гидрологтары мен метеорологтары қатысты. Барлық оқудан өтушілер ТӨСТПҚБЖ бойынша кіріспе онлайн курстан өтіп, осы жүйені пайдалану бойынша бейнематериалдармен және практикалық мысалдармен танысты.
Тікелей тренингтің өзінде ТӨСТПҚБЖ шектік су ағыны бассейндерін шектеуге шолу жасалып, жауын-шашынды спутниктен/радардың көмегі арқылы бағалау, ауа-райын сандық болжау және жауын-шашын болжамдарының үлгілері ұсынылды. Кенеттен су басу жөніндегі нұсқаулық, оның қауіп-қатерін тудырушы және арттырушы өнімдерге қатысты теориялық материалдар жеке бөлімде ұсынылды.