Мамыр айының екінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысының дәнді дақылдар себілетін аудандарында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық бидай себу науқанына кіріскен. Егін жұмыстарының жүргізілуіне көбінесе қолайлы жағдай болған, жауын-шашын топырақ ылғал қорын біршама толтырған.
Еліміздің шығысында, орталығында және батысында жаздық дәнді дақылдардың ерте себілген егістіктерінде «дәннің өнуі» – «3-ші жапырақ» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.
Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бақылау учаскелерінде топырақты егін жұмыстары алдындағы өңдеуден өткізгеннен кейін күнбағыс себу жалғасуда. Ерте себілген дақылдарда «көктеу» – «2 жұпты нағыз жапырақтар» кезеңі байқалған. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстарында топырақты дайындағаннан кейін бақылау учаскелерінде картоп отырғызу жалғасуда. Дала жұмыстарының сапасы өте жақсы және жақсы.
Оңтүстік облыстарда бірқалыпты жылы, кей жерлерде нормадан жоғары жауын-шашынды ауа-райы күздік бидайдың, жаздық және жеміс дақылдарының, сондай-ақ шөптердің өсуі мен дамуына қолайлы болған, жауын-шашын топырақ ылғал қорын толықтырған. Күздік бидай «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «гүлдену» фазасында, кейбір егістерде – «дәннің сүттенуі». Бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы.
Алматы Жамбыл Жетісу және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде жаздық арпаның жағдайы тегіс жақсы, даму фазасы «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», кеш себілген егістіктерде – «көктеу».
Жылу сүйгіш дақылдарды (күріш, қант қызылшасы, соя, дәнге жүгері, мақта) себу жалғасуда, ерте себілген егістіктерде қатараралық өңдеу, күріш чектеріне су жіберу және арамшөптерді гербицидтермен өңдеу жүргізілуде.
Жеміс дақылдарында (алма, алмұрт, шие) «гүлденудің аяқталуы» - «жемістердің қалыптасуы», таңқурайда – «гүл шоғырларының пайда болуы» кезеңі байқалған. Жеміс дақылдарының жағдайы барлық жерде жақсы.
Көпжылдық шөптер (жоңышқа, беде) егістіктерінде «сабанның төменгі түйінінің пайда болуы» - «гүлдену», эспарцетте – «гүл шоғырларының пайда болуы» кезеңі байқалған. Шөптердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, жоңышқа шөптерінің 1-ші орылымы жалғасуда.
Өткен онкүндікте ауа-райы мал жайылымына тегіс қолайлы болған. Қойларды көктемгі қырқу және шомылдыру, сондай-ақ ветеринарлық іс-шаралар жалғасуда.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Шөптердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Шымның жағдайы құрғақ және дымқыл.