Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ДМҰ-ның он тоғызыншы Дүниежүзілік метеорологиялық конгресі аясында 2023 жылдың 26-27 мамыры күндері ДМҰ гидрологиялық ассамблеясы деп аталатын конгрестің ашық комитетінің отырысы шақырылды. Онда ДМҰ-ға мүше 193 мемлекеттің гидрология жөніндегі кеңесшілері жұмыс істейді. Қазақстанның тарапынан Гидрологиялық ассамблеяға «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева және бас директордың орынбасары Серік Саиров қатысты.
Гидрологиялық ассемблея - конгреске және тиісті құрылтай органдарына гидрологияға қатысты мәселелер бойынша ұсынымдар беру және қажеттіліктерді тұжырымдау, олқылықтарды анықтау және оперативті гидрология тұрғысынан басымдықтарды белгілеу арқылы бүкіл ұйымның стратегиялық бағытына әсер ету үшін мүше мемлекеттердің өкілі - гидрологтардың негізгі форумы болып табылады.
Гидрологиялық ассамблея басты назарын гидрологияны ДМҰ қызметіне интеграциялауға жәрдемдесуге, сондай-ақ барлық деңгейдегі ДМҰ басқару органдарының жұмысына қатысу үшін жедел гидрологиялық қауымдастықты жұмылдыруға аударады.