Көп жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан метеорологиялық бақылаулар қазіргі және болашақ ұрпақтардың ұзақ мерзімді әрі жоғары сапалы климаттық жазбаларға деген қажеттілігін өтейтін, адамзаттың таптырмас мәдени және ғылыми мұрасының бір бөлігі болып табылады. 2022 жылы
«Қазгидромет» РМК өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтті, алайда біздің еліміздің аумағында ауа-райын үздіксіз және сапалы бақылау жұмыстары әлдеқайда ерте басталды.
2017 - 2020 жылдар аралығында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) Атқарушы кеңесі жүз жылдық бақылау станцияларының дүниежүзілік тізіміне Қазақстанның 14 метеостанциясын енгізді, олар - "Ақкөл", "Арал теңізі", "Атбасар", "Ырғыз"," Қазалы"," Михайловка"," Түркістан", "Форт-Шевченко","Мерке", "Көкшетау", "Ақтөбе", "Торғай", "Семиярка" және
"Жаркент".
Алайда Қазақстанда ғасырлық бақылау тарихы бар 35-тен астам метеорологиялық станция жұмыс істейді. 2023 жылдың мамыр айында ДМҰ бұл тізімге Қазақстанның тағы 7 метеостанциясы мен гидробекетін енгізді, олар - "Т.Рысқұлов ауылы", "Есік", "Павлодар", "Тараз", "Явленка" метеостанцялары және "Форт-Шевченко" (теңіз) және "Көшім" (өзен) гидробекеттері. Бұл тізімге Қазақстанның барлық лайықты метеостанцияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде.