2023 жылғы 2 маусымда Қазгидромет пен "Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді басқару" (GIZ) жобасы командасының кездесуі өтті. Кеңеске жоба менеджері Сергей Макаров пен ұлттық үйлестіруші Сабыр Асылбеков екеуі қатысып, Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметімен ынтымақтастық туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Бүгінгі таңда GIZ Қазақстан – Германияның Федералдық сыртқы істер министрлігінің "Жасыл Орталық Азия" атты климат және қауіпсіздік жөніндегі өңірлік бастамасының бір болып табылатын табысты жоба. Жобаның мақсаты-Орталық Азиядағы трансшекаралық климаттық және табиғи апаттар тәуекелдерін басқаруды жетілдіру.
Жоба арқылы суға байланысты трансшекаралық климаттық тәуекелдерді азайту әлеуетін дамыту мақсатында су жинау бассейні кеңестеріне, ТЖ және табиғи апаттар қаупін азайту орталықтарына және басқа да мүдделі тараптарға кеңес беріледі.