Айдың басында республиканың батыс жартысында, ал айдың ең соңында Қазақстанның басым бөлігінде жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райы байқалды, бұл температуралық рекордтарға алып келді. Мысалы, 1 мамырда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді, осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңартылды, Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максималды температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалды, Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты, 2 мамыр күні дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты, Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) термометр бағаны +32,2°С белгісіне жетті, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңартылды. 11 мамырда Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) ең жоғары ауа температурасы +31,3°С тіркелді, осылайша 1976 жылғы рекорд (+30,0°С) жаңартылды, Жарық метеостанциясында (Қарағанды облысы) максималды ауа температурасы +29,6°С болды, соңғы рет сол күні максималды температура 1991 жылы (+29,0°С) байқалды, Қызылорда метеостанциясында (Қызылорда облысы) термометр бағаны +35,6°С белгісіне жетті, бұл 2019 жылғы рекордты (+34,7°С) жаңартты, 27 мамыр күні Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +36,2°С болды, осылайша 2000 жылғы ауа температурасы +34,0°С құраған рекордынан асты, 30 мамыр күні Қостанай метеостанциясында (Қостанай облысы) термометр бағаны +34,9°С белгісіне жетті, осылайша 2021 жылғы рекорд (+34,5°С) жаңартылды.
Мамыр айының басында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына ауа температурасының төмендеуі мен үсікке алып келген Шығыс Сібір ауданынан салқын ауа массалары жетті. Рекордтарға тоқталатын болсақ: 2 мамырда түнгі уақытта Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -6,8°С құрады, осылайша 1969 жылғы рекорд (-5,0°С) жаңартылды, 3 мамырда осы метеостанцияда термометр бағаны -7,8°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 2002 жылы -3,7°С құрады, Риддер метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) ауа температурасының рекордтық көрсеткіші -5,2°С белгісіне жетті, бұл 1985 жылғы рекордты (-4,5°С) жаңартты, 4 мамырда Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -8°С болды, осылайша 1997 жылғы ауа температурасы -5,1°С болған кездегі рекордтан асты. 5 мамырда Тараз метеостанциясында (Жамбыл облысы) термометр бағаны -1,1°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 1998 жылы +0,5°С құрады.
Одан бөлек еліміздің оңтүстік-шығысында күшті жел байқалды. Мысалы, Достық АМС-да (автоматты метеорологиялық станция) 1 мамырда дауылды жел (екпіні 42 м/с), 2 мамыр күні өте күшті жел (екпіні 33 м/с), 3 мамыр күні – екпіні 31 м/с болатын жел байқалды.
Температуралық рекордтардан басқа мамыр айында жауын-шашыннан да рекордтар болды, жекелеген станцияларда жауын-шашын бір тәулікте айлық нормадан көп жауды: Қазалы метеостанциясында (Қызылорда облысы) 16 мамырда бір айлық нормасы 14 мм болған жағдайда 17 мм жауын-шашын жауды, Тасты метеостанциясында (Түркістан облысы) 17 мамырда 18 мм жауын-шашын жауды (бір айлық нормасы 17 мм), Жаланашкөл метеостанциясында (Жетісу облысы) 22 мамырда бір айлық норма 8 мм болған жағдайда бір тәулікте 10 мм жауын-шашын жауды.
Астана қаласында 2023 жылғы мамыр айында метеорологиялық бақылаулар деректері бойынша ең төменгі ауа температурасы 3 мамырда түнгі уақытта -2,0°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 31 мамырда +33,1°С болды.
Бір айда жауған жауын-шашын 0,6 мм (норма 33 мм) болды, бұл норманың 2%-ын құрады.