2023 жылдың 13-14 маусымы аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында «Орталық Азиядағы климаттық қауіп-қатерді басқару» (GIZ) өңірлік бағдарламасының басқарушы комитетінің бастапқы отырысы өтті.
GIZ - Германияның Федералды сыртқы істер министрлігінің «Жасыл Орталық Азия» атты аймақтық климат және қауіпсіздік бастамасының бір бөлігі болып табылатын табысты жоба. Жобаның мақсаты - Орталық Азиядағы трансшекаралық климаттық қауіп-қатерді және табиғат апаттары қатерін басқаруды жетілдіру.
Жоба аясында суға байланысты трансшекаралық климаттық қауіп-қатерді азайту әлеуетін дамыту мақсатында су жинайтын бассейн кеңестеріне, төтенше жағдайлар және табиғат апаттары қаупін азайту орталықтарына, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптарға кеңес беріледі. Отырысқа Орталық Азия елдерінің өкілдері мен елдегі GIZ директорлары қатысты.
Кездесудің мақсаты - бағдарламаны іске асыру мәртебесі туралы ақпарат ұсыну, климаттық қауіп-қатерді бағалау үшін мемлекетаралық өзендердің тізімін бекіту және гидрологиялық модельдеуге арналған модельдерге шолу жасау.
Отырыстың екінші күні трансшекаралық климаттық қауіп-қатерді басқару және Орталық Азия елдеріндегі апаттар қатерін азайту тәжірибесі талқыланды. Төтенше жағдайлар (ТЖ) және табиғат апаттары қаупін азайту орталығының директоры Серік Әубәкіров аталмыш орталықтың қызметі және көптеген ТЖ туралы күні бұрын хабарлаудың өңірлік жүйесі туралы таныстырылым жасады. «Орталық Азиядағы климаттық қауіп-қатерді басқару» өңірлік бағдарламасының қысқаша сипаттамасымен, күтілетін нәтижелермен және негізгі міндеттерімен Орталық Азиядағы GIZ бағдарламасының басшысы Сергей Макаров таныстырды.
Отырысқа қатысушы елдер «Трансшекаралық климаттық қауіп-қатерді басқару және Орталық Азия елдеріндегі апаттар қаупін азайту тәжірибесі» тақырыбында баяндамалар мен таныстырылымдар жасады. Қазақстанның тарапынан «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева қатысты.