Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Маусым айының бірінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысының барлық астық себілетін аудандарында жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқталды. Қазақстанның басым аймағында жауын-шашын біркелкі жаумаған, жауын-шашынның көп мөлшері Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалған, елдің қалған бөлігінде жауын-шашын нормадан аз түскен. Жауын-шашынның біркелкі түспеуіне байланысты жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуы үшін метеорологиялық жағдайлар қанағаттанарлық болған. Жауын-шашын топырақта ылғал қорының қалыптасуын біршама жақсартқан.
Елдің батысында (Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында) жаздық бидай егістіктерінде «3-ші жапырақ» – «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» фазасы байқалған, Федоровка агропостының маңайында – «масақтану» фазасында, өсімдіктердің жағдайы тегіс жақсы, бидайдың биіктігі 10-27 см жетеді.
https://www.kazhydromet.kz/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy