2023 жылғы 14 маусымда Солтүстік Еуразиялық климаттық форумның (СЕАКОФ-24) 24-ші сессиясы өтті. СЕАКОФ форумының негізгі міндеті - алдағы маусымға арналған климаттық жүйе беталысын болжау сапасын арттыру үшін ұзақ мерзімді болжам жасау саласындағы ғалымдар мен мамандардың күш-жігерін біріктіру. СЕАКОФ-24 мақсаты - Солтүстік Еуразия аумағы бойынша ағымдағы климаттық ауытқуларды бағалау, алдағы
2023 жылдың жазына арналған ауа температурасы мен жауын-шашынның консенсустық болжамын жасау және күтілетін ауытқулардың экономика мен әлеуметтік салаға әсер етуінің ықтимал салдары мәселелерін талқылау.
ТМД елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері (ҰГМҚ), оның ішінде Қазгидромет аталмыш іс-шараға әдеттегідей, онлайн форматта қатысты. Ұйымдастырушылар 2022-2023 жылдардағы қысқы маусымдағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктері, жетекші әлемдік болжамдау орталықтарының нәтижелері бойынша 2023 жылдың жазына арналған маусымдық болжамдарға шолу тақырыбында баяндамалар ұсынды.
ТМД ҰГМҚ блогында Қазақстандық ауа райы қызметі мынадай тақырыпта баяндама ұсынды: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңінде орын алатын ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері ауытқуларының болжамы және факт; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері ауытқуларының 2023 жылдың жазына арналған болжамы. Сонымен қатар Армения, Белоруссия және Өзбекстан елдері өкілдерінің де баяндамасы тыңдалды.