Тез өрбитін су тасқынының зардап шеккен халықтың өмірі мен мүлкіне ауыр әсер ететіндігін ескере отырып, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым
2023 жылдың 16-17 маусымы аралығында Солтүстік Македония Республикасында (Скопье қаласы) Тез өрбитін су тасқынын болжау жүйесінің бағдарламасын басқару комитетінің алғашқы отырысын ұйымдастырды.
Іс-шараға Тез өрбитін су тасқыны жөніндегі өңірлік орталықтардың метеорологиялық және гидрологиялық қызметтерінің 30-дан астам өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасының атынан қызмет ететін Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет - Орталық Азиядағы тез өрбитін су тасқыны жөніндегі өңірлік орталық болып табылады. Отырысқа Қазақстанның тарапынан ҰГҚ Бас директорының орынбасары Серік Саиров қатысты. Отырыста ұзақ мерзімді перспективада жаһандық деңгейді қамтитын, Тез өрбитін су тасқыны қаупін бағалау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті «Жаһандық деңгейді қамтитын, кенеттен болатын су тасқыны туралы ескерту жүйесін іске асыру жоспары» қаралды. Жоспар - «жол картасы» болып табылады және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін күш-жігерді бағыттауға арналған.
Сондай-ақ, отырыста су тасқынына орай жылдам әрекет ету мәселелері мен ұсынымдар қаралды. Отырыс барысында Бағдарламаны басқару комитетінің төрағасы (Үндістан Республикасының өкілі) және Төрағаның орынбасары (Индонезия Республикаларының өкілі) сайланды.