2023 жылдың 19-21 маусымы аралығында Тайландтың Бангкок қаласында Сантьяго – Азия-Тынық мұхиты аймағы желісінің шеңберінде климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарымен байланысты шығын мен залалдың алдын алу, оны барынша азайту және жою бойынша аймақтық шолу семинары өтуде.
Семинарға қатысушылар – табиғат апаттарын болжау және оның алдын алуға қатысқан тәжірибелі мамандар. Қазақстанның тарапынан
«Қазгидромет» РМК Гидрометорталығының жетекші инженері
Мақпал Ботаева қатысуда.
Семинар қатысушы елдердің климаттың өзгеруінің негізгі зардаптарын еңсерудегі тәжірибесі деңгейін, сондай-ақ шығындарды және апаттан келтірілген залалды жоюдың әртүрлі кезеңдерінде техникалық көмекке деген нақты қажеттілікті анықтауға бағытталған.
Ұйымдастырушылар семинарға қатысушы елдердің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің хабарландыру жүйесімен, байқау желісінің жұмысымен, техникалық жарақтандырылуымен және ғылыми әлеуетімен егжей-тегжейлі танысып жатыр. Семинардың қорытындысы бойынша дамушы елдердің техникалық және теориялық көмекке деген қажеттіліктері айқындалатын болады.