«Қазгидромет» РМК сайтында метеорологиялық мониторинг және 24 сағатқа арналған ауа райының сандық болжамы бойынша нақты деректердің интерактивті картасы (https://www.kazhydromet.kz/ru/interactive_cards) құрылып, ашық қолжетімділікке интеграцияланды. Болжам WRF (Weather Research and Forecasting) ауа райын зерттеу және болжау моделіне негізделген.
Ауа райы қызметі метеорологиялық мониторингті (ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфералық қысым және жауын-шашын мөлшері)
347 метеорологиялық станцияда үздіксіз, оның ішінде 227 дәстүрлі метеорологиялық станцияда тәулігіне 8 рет және 120 автоматты станцияда сағат сайын жүргізеді. Алынған ақпарат нақты уақыт режимінде өңделіп, интерактивті картаға шығарылады.
Картада қауіпті немесе стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар (дауыл) жағдайында метеостанция белгішелерін жарықтандыруды өзгерту мүмкіндігі бар, сонымен қатар сервистік жұмыстардың жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат көрсетіледі.