Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2023 жылғы 26-27 маусым аралығында Сербияның Белград қаласында Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамаға қосылуды қолдау бойынша субөңірлік семинар өтті. Аталмыш семинарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ/Еуропа) Еуропалық аймақтық бюросының қолдауымен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) Сербия Үкіметімен ынтымақтаса отырып ұйымдастырды. Іс-шарада БҰҰ ЕЭК - ДДҰ/ЕАБ хаттамасына қосылудың артықшылықтары туралы пікір алмасылып, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Сербия арасындағы жұмыс талқыланды.
Жұмыс кеңесі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің су ресурстары/қоршаған орта және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдеріне арналған. Қазақстандық тараптан «Қазгидромет» РМК мамандары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне Хаттамаға қосылу бойынша қолдау көрсету болып табылады. Хаттамада су экожүйелерін қорғауды қоса алғанда, су ресурстарын тұрақты басқару, сондай-ақ сумен байланысты аурулардың таралуын шектеу арқылы адам денсаулығын қорғау және оның әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Кездесуде қатысушылар сонымен қатар Хаттаманың платформасы мен құралдарын пайдалану бойынша Сербия тәжірибесімен танысудың бірегей мүмкіндігіне қол жеткізді.