2023 жылғы 22-23 маусым аралығында Алматы қаласында «Қоныс аудару, қоршаған орта және климаттың өзгеруі» атты семинар-практикум өтті. Кездесу АҚШ Мемлекеттік департаментінің (PRM USA) Халық, босқындар және көші-қон істері жөніндегі бюросының қолдауымен Халықаралық көші-қон ұйымының «Көші-қон жөніндегі Азиялық аймақтық бағдарлама» атты жобасының аясында ұйымдастырылды.
«Қазақстанның таулы аймақтарындағы климаттың өзгеруі жағдайында адамдардың мобилділігі мәселесін шешу» және «Орталық Азиядағы еңбек миграциясы бағдарламалары» өңірлік жобасы шеңберінде үйлестіру кеңесі құрылып, «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығы Климаттық зерттеулер басқармасының инженері Ғалия Тұрымова кеңестің мүшесі болды.
Қатысушылар алдында Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі миссияның басшысы Зейнал Гаджиев, сондай-ақ Орталық Азия бойынша үйлестірушілер құттықтау сөзін сөйледі.
Табиғат апаттары мен қоршаған ортаның деградациясы бүкіл әлем халқына қауіп төндіруде. Қоршаған ортаның біртіндеп өзгеруі, соның ішінде климаттың өзгеруі әлемнің көптеген аймақтарындағы адамдардың қоныс аударуы мен көшуіне себеп болады. Семинарда ұйымдастырушылар қоныс аудару, экологиялық басқару және климаттың өзгеруі саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ықтимал қоныс аудару орындарының болашақтағы қауіп-қатерін анықтау үшін әртүрлі елді мекендердегі халықтың пікірі сұралатын сауалнамамен таныстырды.