2023 жылғы 3-5 шілде аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде «Су ресурстарын басқару бағдарламаларын экономикалық бағалау» тақырыбында семинар өтуде. Оқыту семинарын Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің «Құзыреттерді дамыту және Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару саласында француз тәжірибесін ілгерілету» жобасы шеңберінде Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.
Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросынан (BRGM) шақырылған экономист Мажид Бузи (Madjid BOUZIT) мырза суды басқару бағдарламалары мен экологиялық тауарларды экономикалық тұрғыдан бағалауға қоса суды басқарудың экономикалық құралдары, соның ішінде Франциядағы су бағасын белгілеу жөнінде әңгімелеп беретін болады.
Оқытуға «Қазгидромет» РМК қызметкері тыңдаушы ретінде қатысты.
BRGM сарапшысы қатысатын келесі семинарды 2023 жылғы 19-21 шілде аралығында Алматы қаласында «Әртүрлі жердегі ластану» тақырыбына өткізу жоспарланып отыр.