Маусымның үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында дәнді дақылдардың өсіп өнуіне көбінесе қанағаттанарлық жағдай болған, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және батыста жауған жауын-шашын атмосфералық және топырақ ылғалдылығын шамалы жақсартқан.
Барлық жерлерде арамшөптерді гербицидтермен, сондай-ақ зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеуге кіріскен.
Батыс облыстарда жаздық дәнді дақылдарда «түтікке шығу» – «гүлдену», жеке учаскелерде – «дәннің уыздануы», солтүстік облыстарда «түптену» - «масақтану», елдің орталығы мен шығысында «түптену» - «масақтану», жеке учаскелерде – «гүлдену» даму фазалары байқалған. Дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы, кейбір егістіктерде қанағаттанарлық. Елдің оңтүстігінде жаздық арпаны жинау науқаны басталған, даму фазасы «толық пісу», кеш себілген егістіктерде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану».
Маусымның үшінші онкүндігінде күздік бидай себілетін аудандарда астықтың толық пісуіне қолайлы жағдайлар болған, даму фазасы «дәннің сүттенуі» - «толық пісу». Жамбыл ауданының (агропост Аса) бақылау учаскелерінде күздік бидай жинау жұмыстары басталған.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (күріш, дәнді жүгері, қант қызылшасы, соя, мақта) өте жақсы және жақсы, тегіс вегетациялық суаруға, күріш чектеріне су жіберуге кіріскен.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарында картопта «бүйір өскіндерінің пайда болуы» - «гүл шоғырларының пайда болуы», жеке аудандарда «гүлдену» даму фазалары байқалған.
Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының алма бақтарында «жемістердің қалыптасуы» - «оркендердің пісуі» даму фазалары жалғасуда. Жеміс дақылдарының жағдайы (шие, алмұрт, алма ағашы) тегіс жақсы.
Оңтүстік облыстарда жоңышқа мен беде шөптерін шабу жалғасуда, эспарцетті құнарландырып суаруда.
Өткен онкүндікте ауа-райы барлық жерлерде мал жаюға қолайлы болған. Ветеринариялық іс-шаралар, шөптерді жинау және жемшөптерді қыстақтарға жеткізу жалғасуда. Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған, шөптердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында көбінесе шымның құрғақ және дымқыл жағдайы байқалған.