2023 жылғы 4-6 шілде аралығыда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Интеграцияланған жаһандық бақылау жүйесінің (ИЖБЖ) аймақтық орталықтары (АИО) бойынша екінші ғаламдық онлайн семинар өткізді. Метадаталарды басқару және деректер сапасын мониторингілеу - АИО-ның міндетті функциялары ретінде анықталды. Әрбір АИО функциялардың тек қана біреуін орындайды.
Семинардың мақсаты – өз елдерінде аймақтық интеграция орталықтары (АИО) орналасқан ДМҰ мүшелерінің өкілдерін жинау және жаңа АИО үшін елдерді анықтау. Негізгі мәселелердің бірі – бар АИО жұмыс тәжірибесін талдау және жаңа орталықтар құруға, сондай-ақ жергілікті жерлерде функцияларды орындауға байланысты проблемалар болды. ДМҰ-ның интеграцияланған жаһандық бақылау жүйесінің құралдарын пайдалану бойынша кері байланысты қоса алғанда, АИО қызметінің тұрақтылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Бұдан бұрын 2023 жылдың наурыз айында Швейцарияның Женева қаласында Интеграцияланған жаһандық бақылау жүйесінің аймақтық орталықтары ретінде сөз сөйлеуге тілек білдірген елдердің гидрометқызметтерінің қатысуымен семинар өтті. Ол елдер - Қазақстан, Румыния, Босния және Герцеговина және Түркия. Сол кезде ИЖБЖ және АИО функцияларымен және құралдарымен таныстырылды. Бүгінгі семинар ақыл-кеңес беруге және АИО орналастыру үшін әлеуетті елдерді анықтауға бағытталған.