2023 жылғы 4-5 шілде аралығында «Қазгидромет» РМК мамандары Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) онлайн форматында өткізген гидрологиялық, теңіз және қоршаған орта туралы басқа да деректерді құтқарудың халықаралық тәжірибелерін оқытуға қатысты. Жақында климатологиялық стандарттық нормалардың жиналуына, сондай-ақ ДМҰ-ның жүз жылдық бақылау станцияларын мойындауына байланысты деректерді құтқару саласындағы қажеттіліктерді ДМҰ мүшелері тағы да атап өтті.
Қазақстанда ауа-райы мен климаттық жағдайларды жүйелі түрде бақылау жүз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда ДМҰ еліміздің 35 жүз жылдық метеорологиялық станциясының 21-ін мойындады. Қазақстанның ауа райы қызметі бірнеше жыл бойы өзінің архивтік деректерін цифрландыру және жүйелеу жұмысын жүргізіп келеді, сондай-ақ ол цифрлық метеорологиялық және гидрологиялық базаны құрды. Бұл базаның қазіргі заманғы бөлігі «Қазгидромет» РМК сайтында қолжетімді.
Аталмыш семинарда ДМҰ-ға қатысушы елдердің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері деректерді құтқару процесімен танысады. Ұйымдастырушылар ақыл-кеңес беріп, ресурстарға деген қажеттіліктерді анықтауда, сонымен қатар деректерді құтқару саласындағы міндеттер мен мүмкіндіктер туралы өз пікірлерімен бөлісуге шақыруда.