2023 жылғы 4-5 шілде аралығында Алматы қаласында «Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік жұмыс тобының төртінші отырысы» өтуде. Отырысты Герман халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) ұйымдастырып отыр.
Бұл жұмыс тобы «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегияны» дайындаумен айналысып жатқан, Орталық Азия елдерінің өкілдерінен тұратын «Жасыл Орталық Азия» бастамасы шеңберінде құрылған. Қазақстанның тарапынан жұмыс тобына «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев және Климаттық зерттеулер басқармасының бастығы Тұрсын Тілләкәрім қатысуда.
2022 жылы желтоқсанда өңірлік жұмыс топтарының үш отырысының нәтижелері бойынша стратегия жобасына ескертулер мен толықтыруларды қарау және дайындау мақсатында «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегия» атты жоба дайындалып, әріптес елдерге жіберілді.