2023 жылғы 6-7 шілде аралығында Францияның Париж қаласында тұрақты дамудың кешенді әдістерін әзірлеу және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында биік таулардағы мұздық жүйелерін бағалау үшін өңірлік ынтымақтастық мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы Орталық Азия елдерінің өмірге төзімділігін нығайту жөніндегі өңірлік жобаны іске асыру шарасы өтуде. Жаңа жоба криосфера (мұздықтар, мәңгі тоң және қар жамылғысы) және төменгі ағысқа әсер ететін аймақтар туралы жалпы білімді арттыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы мұздықтар мен мәңгі тоңды мониторингілеу жүйелерін нығайтуға бағытталған. Кеңес ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтіп жатыр.
Қатысушылар - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазгидромет» РМК, География және су қауіпсіздігі институтының және Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының өкілдері.
Кеңестің негізгі мақсаты - мүдделі тараптарға жобаның стратегиясын ұсыну және бекіту, жоба стратегиясына және оны іске асыруға әсер етуі ықтимал жалпы мәнмәтіндегі кез келген өзгерістерді талқылау, сондай-ақ сарапшыларға қар мұздықтары мен ағындардың пайда болу жүйелері (мұздық ниваль және мәңгі тоң), климаттың өзгеруі және оның өзгергіштігі, әсіресе екі мұздық жүйесі (Памир және Тянь-Шань) және осы жүйенің төменгі ағыс бойынша орналасқан елдердің су ресурстарымен өзен бассейндерін қамтамасыз етуі жөніндегі білімдеріне негізделген жаңартулармен және кіріспе деректермен алмасуға мүмкіндік беру.