10-14 шілде аралығында «Қазгидромет» РМК базасында Орталық Азияның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері үшін жетілдірілген MODSNOW модулінде жұмыс жасау тренингі өтуде. Оқыту курсын «Азиядағы жаңа мүмкіндіктер» (AEO) USAID жобасы аясында Германияның Берлин қаласындағы «Инновациялық су және экологиялық шешімдер» (IWES) компаниясы ұйымдастырды.
«MODSNOW» модулінің алғашқы нұсқаларында судың болуын сапалы болжауды қамтамасыз ету мақсатында қыста қар басқан алқап пен келесі көктем мен жаздағы өзен ағыны арасындағы өзара байланыс пайдаланылды. Орталық Азия елдерінің барлық бес гидрометеорологиялық қызметінде құрал орнатылды және содан бері су ресурстарын басқаруда ойдағыдай көмек көрсетіп келеді. Жаңа «MODSNOW» модулі мұздықтардың еру модулімен толықтырылған.
Жоба аталмыш тәсілді Орталық Азияның сегіз өзен қашыртқысында сынап көруге және таңдалған өзен бассейндері үшін қар мен мұздың еруін мониторингілеудің қолданыстағы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Нәтижелер ОА елдерінің барлық гидрометеорологиялық қызметтеріне қолжетімді болады, нәтижесінде бұл су тасқындарын болжауды, сондай-ақ бүкіл өңір бойынша вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету болжамдарын жетілдіруге ықпал етуі тиіс.
Бес күндік семинар өңірдегі қар мен мұздықтардың еру процестерінің теориялық негіздерін зерттеуді, MODSNOW «Қардың еруі» және «Мұздықтардың еруі» модульдерімен танысуды және Кіші Алматы өзенінің бассейніндегі қар мен мұздықтардың еру процестерін модельдеуге арналған оқыту жаттығуларын қамтиды.