Анемометр грек тілінен аударғанда «ветрометр» дегенді білдіреді. Метеорологияда желдің жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады.
Бұл аспап туралы алғашқы рет 14 ғасырда, шамамен 1400 жылы Венецияда, Италияда айтылған. 1450 жылы анемометрді итальяндық суретші және сәулетші Леон Альберти Баттиста өзінің «Математические забавы» атты еңбегінде оның сызбасын ұсынды. Анемометрдің әрекеті желмен ілініп тұрған тақтаның ауытқуына негізделген. Осыған ұқсас анемометрді «Атлант кодексінде» (парақ 675) Леонардо да Винчи Альбертиден соң үш онжылдықтан кейін салған.
Анемометрдің ең көп таралған түрі – ол кесе анемометрі. 1846 жылы Армян обсерваториясында жұмыс істеген доктор Джон Томас Ромни Робинсон ойлап тапқан. Төрт жартылай сфералық шыныаяқтан тұрады, ол тік оське айналатын ротордың крест тәрізді спицасына симметриялы отырғызылған. Кез келген бағыттағы жел роторды желдің жылдамдығына пропорционалды жылдамдықпен айналдырады.
Метеорологиялық өлшемдерден басқа, тостаған анемометрлер мұнаралы көтергіш крандарда да жел жылдамдығының қауіпті артуы туралы белгі беру үшін қолданылады.
Бүгінгі анемометрдің заманауи және жетілдірілген нұсқасы бар. Метеорологиядан басқа, оны қолдану саласы әуе ағындарының қозғалыс жылдамдығын анықтау қажеттілігі бар кез келген орындарды қамтиды: әуеайлақтарда, тікұшақ алаңдарында, аэроклубтарда және дельтапландарда ұшу мүмкіндігін беретін ұйымдарда. Қазіргі таңда «Қазгидромет» РМК бұл құралды пайдаланбайды. Бірнеше станцияда анемометр арқылы гидрологиялық болжамдар үшін градиенттік бақылау жүргізіледі.