2023 жылғы 12-13 шілде аралғында «Қазгидромет» РМК-де ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Бекмағамбетовтің, Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің департаменттері мен 15 өңірлік филиалы директорларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтуде.
Аталмыш жыл сайынғы кездесу филиалдардың 2022 жылғы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысына, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға арналған.
Өндірістік департаменттердің директорлары мониторинг, болжау және атқарылған әдістемелік жұмыс саласындағы қызмет туралы есеп берді. Өңірлік филиалдардың басшылары «Қазгидромет» РМК жерүсті бақылау желісінде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы туралы толық есеп берді, сондай-ақ проблемалық мәселелерді баяндап, оларды шешу жолдарын талқылады. Болжау әдістерін жетілдіруге, заманауи және сұраныстағы өнім түрлерін әзірлеуге және шығаруға, желіні жаңғыртуға және жаңа бақылау пункттерін ашуға ерекше назар аударылды. Өткен жылы Қазгидромет ақпаратының халық үшін қолжетімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Ол цифрлық метеорологиялық және гидрологиялық деректер базасын, сондай-ақ метеорологиялық және экологиялық мониторинг бойынша интерактивті карталарды қамтыды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде
«Қазгидромет» РМК мен филиалдарда өткізілген іс-шаралар жөнінде баяндалды.