2023 жылғы 13-14 шілде аралығында Қызылорда қаласында «Арал теңізі өңіріндегі климаттың өзгеруінің, жер мен су ресурстары деградациясының өзара байланысы» жобасы бойынша Қызылорда облысы мысалға алынған жұмыс семинары (валидация) өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қоры ұйымдастырды.
Семинарға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының, «Қазгидромет» РМК, ҚазҒЗИ өкілдері, климат, су ресурстары және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Кеңесте қатысушылар климаттың өзгеруі, жердің тозуы, су ресурстары және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мақсатты жұмыс топтарына бөлінді. Талқылаудан кейін барлық қатысушылар бірлесіп Арал теңізінің су жинау бассейніне, Аралмаңы өңіріндегі ауыл шаруашылығына, су шаруашылығына және денсаулық сақтауға климаттың әсер етуінің қолданыстағы үлгілеріне талдау жүргізді. Екі күндік семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар Арал теңізі өңіріндегі климаттың өзгеруі, жер мен су ресурстарының деградациясы арасындағы байланыс мәселесі бойынша өз қорытындылары мен ұсынымдарын ұсынды.