«Қазгидромет» РМК 2023 жылға қант қызылшасы мен жүргері өнімділігінің болжамын жасап шығарды.
Жүгерінің өнімділігі Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында көбінесе орташа көпжылдық мәннен жоғары, Алматы облысының Іле ауданында, Жамбыл облысының Жамбыл ауданында және Түркістан қаласының маңайында нормаға жуық болады деп болжанады.
Қант қызылшасының өнімділігі Жетісу және Жамбыл облыстарындада көпжылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
Болжам егістіктегі өсімдіктер вегетациялық суару нормасын алған жағдайды ескере отырып жасалады. Алайда, егер көкөніс дақылдарына вегетациялық суарудың нормалары мен мерзімдері сақталмаса, онда болжаммен салыстырғанда өнімділіктің жетіспеушілігі болуы мүмкін.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланады (https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/agrometeorologicheskie-prognozy).