Қазгидромет 2023 жылға жаздық бидай өнімділігі болжамын шығарды

IconЖарияланды 17.07.2023

Алдын ала есептелген мәліметтерге сәйкес және қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, елдің басты астық егетін аймақтарында жаздық бидайдың өнімділігі 2023 жылы көбінесе орташа көпжылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.

Нормадан төмен өнімділік күтіледі

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында;

Павлодар облысының Павлодар, Тереңкөл және Успенка аудандарында.

Бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болады деп болжануда:

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарыда;

Аудандар бойынша өнімділік болжамы фермерлерге арналған «Аgrodata» қосымшасында жарияланады (https://agrodata.kz).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз