2023 жылдың шілде айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 27.07.2023

Шілденің екінші онкүндігінде Қазақстанның бүкіл аймағында орын алған метеорологиялық жағдайлар бидайдың пісуіне және оңтүстік өңірлерде дәнді дақылдарды жинауға қанағаттанарлық болған. Солтүстік облыстарда дақылдарды арамшөптер мен зиянкестерге қарсы гербицидтермен және улы химикаттармен өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістіктерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «гүлдену», ерте себілген егістіктерде – «дәннің сүттенуі» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, Астрахан ауданы Жалтыр станциясының маңайындағы жеке учаскелерде нашар. Өсімдіктердің биіктігі 30-58 см жетеді, кеш себілген егістіктерде 27 см дейін болған.

Қостанай облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидайдың жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы, Федоров ауданының Кең–Арал агропостының маңайында қанағаттанарлық, Әулиекөл ауданының Әулиекөл станциясының маңайында нашар. Даму фазасы «масақтану» - «дәннің сүттенуі», кеш себілген егістерде «түптену» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы». Өсімдіктердің биіктігі 29-70 см жетеді, кеш себілген егістіктерде 10-19 см дейін.

https://kazhydromet.kz/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз