Қазгидромет тамыз айының құрғақшылық болжамын нақтылады

IconЖарияланды 04.08.2023

Нақтыланған болжамға сәйкес тамыз айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.

Бірқалыпты құрғақшылық күтілуде:

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында,

Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында,

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында,

Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңайында,

Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында,

Қостанай облысының Арқалық және Қарағанды қалаларының маңайларында.

Қатты құрғақшылық:

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында,

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында,

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.

Бірқалыпты ылғалды Батыс Қазақстан облысының Казталов және Тасқала аудандарында болжанады.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз