Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
12 тамызда Халықаралық Каспий теңізі күні атап өтіледі, ол өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелері, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы қажеттігі туралы маңызды еске салу болып табылады. Дәл осы күні БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының көмегімен әзірленген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция (Тегеран конвенциясы) күшіне енді, оған бес Каспий маңы елдерінің: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтерінің өкілдері қол қойды.
"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз суы мен түбіндегі шөгінділер сапасының жай-күйіне экологиялық мониторингті жүзеге асырады, Каспий теңізіне гидрометеорологиялық мониторинг пен зерттеулер жүргізеді. Каспий теңізінің режимі туралы жыл сайынғы деректер, деңгей мен толқудың өзгеру болжамдары, мұз жағдайына және желшегерме-желкөтерме құбылыстарына шолулар шығарылады (өнімдер https://www.kazhydromet.kz/ru/kaspiyskoe-more/kaspiyskoe-more сайтында қолжетімді)
Каспий өңірі қорғауды және қолдауды талап ететін бірегей био - және экожүйе ретінде жоғары маңызға ие.
Әріптестеріміз бен ғалымдарды Каспий теңізі күнімен құттықтаймыз және ортақ міндеттерді шешу үшін жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, зерттеулерге сәттілік тілейміз!