2023 жылғы 17 тамызда Әзірбайжанның Баку қаласында «Каспий теңізі деңгейінің динамикасына климаттық өзгерістердің әсері» атты семинар өтті.
Бейнеконференцбайланыс форматында өткізілген семинар қатысушылар арасында пікір алмасу және талқылау алаңына айналды, бұл Каспий теңізін одан әрі зерттеу жоспарларын қалыптастыруда және оның акваториясындағы ықтимал өзгерістерге бейімделуде маңызды рөл атқарады.
Іс-шара климаттың өзгеруіне және оның табиғи су ресурстарына әсеріне байланысты сын-қатерлерді шешу үшін интеграцияланған тәсіл мен барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығының маңызды екендігін көрсетті.
Семинарға Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев қатысып, Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің Каспий теңізі аймағындағы гидрометеорологиялық жағдайдың жай-күйіне қатысты жүргізіп жатқан зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
«Қазгидромет» РМК сайтынан гидрометеорология саласындағы жаңалықтарды және одан әрі зерттеулерді бақылап отырыңыздар!