2023 жылдың тамыз айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 24.08.2023

Тамыздың екінші онкүндігінде астықтың толық пісуіне және еліміздің солтүстік жартысында егін жинау жұмыстарының басталуына көбінесе қанағаттанарлық жағдай болған.

Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістіктерінде «дәннің уыздануы» - «толық пісу» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жай-күйі көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Өсімдіктердің биіктігі 40-56 см жетеді.

Қостанай облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидайдың жай-күйі жақсы және өте жақсы, Федоров ауданы Кен-Арал агропосты мен Әулиекөл ауданы Әулиекөл станциясының маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі «дәннің уыздануы» - «толық пісу». Өсімдіктердің биіктігі 54-101 см жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың жай-күйі жақсы және өте жақсы. Даму кезеңі «толық пісу», Булаев агропосттың маңындағы дақылдарда – «дәннің уыздануы». Өсімдіктердің биіктігі 51-76 см жетеді.

Павлодар облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістіктерінде «толық пісу», Упенка, Железинка және Тереңкөл аудандарында «дәннің уыздануы» даму кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жай-күйі көбінесе қанағаттанарлық, Тереңкөл ауданының Федоров, Панфилов және Ертіс ауданының Голубовка станцияларының айналасында нашар. Өсімдіктердің биіктігі 35-63 см-ге жетеді, төмен өсеткен дақылдарда 22-25 см.

https://kazhydromet.kz/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз