Қазақстандағы агрометеорологиялық мониторинг

IconЖарияланды 06.05.2026

2026 жылдың мамыр айының 1 онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу.

Мамырдың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы нормадан 2...6°С жоғары болған. Күздік бидай себілетін аудандарда жауын-шашын норма шамасында және одан  көп жауған, тек Жетісу облысында нормадан аз жауған. Елдің оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының көптеген аудандарында «топырақ бетінен төменгі түйіннің пайда болуы» даму фазалары жалғасуда, Қазығұрт станциясының маңайында «масақтану», Шымкент станциясының маңайында «гүлдену» фазалары байқалған.

Елдің оңтүстік-шығысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе өсімдіктердің «көктеу», «түтікке шығу», «топырақ бетінен төмен бағаналы түйіннің пайда болуы» даму кезеңдері, ал оңтүстігінде «шоқтану», «топырақ бетінен төменгі түйіннің пайда болуы» даму кезеңдері байқалды. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы. Оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаздық дәнді дақылдар егуге кірісті.

Солтүстік-батыста Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубенка агропостының маңында жаздық арпа егістігінде «көктеу» фазасы байқалады, Бәйтерек ауданы Погодаево агропостының маңында жаздық арпа егуге кірісті, Теректі ауданы Федоровка агропостының маңында жаздық бидай егілуде.

Шығыста Абай облысының Ұржар метеостанциясының маңында сәуір айының үшінші онкүндігінде егіс жүргізілді, онкүндіктің соңында жаздық бидайдың алғашқы көктеу байқалды, Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының Үлкен Нарын метеостанциясының маңында онкүндіктің басында жаздық бидай егуге кірісті, онкүндіктің соңында егістіктерде алғашқы көктеу байқалды.

Солтүстікте Қостанай облысында Б. Майлин ауданы Тобыл метеостанциясының маңында, бақылау участкілірінде сұлы егуге кірісті. Ертіс ауданының Голубовка метеостанциясы мен Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шарбақты метеостанциясының маңында топырақты алдын ала өңдеуден кейін онкүндіктің ортасында жаздық бидай егуге кірісті, онкүндіктің соңында «тұқымның өнуі» даму кезеңі байқалды.

Еліміздің орталығында Қарағанды облысы Абай ауданы Агрогородок агропостының маңында жаздық арпа алқаптарында (сәуірдің екінші онкүндігінде егіс жүргізілді) «3-ші жапырақ» даму кезеңі байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы, сондай-ақ Қарқаралы ауданы Ақжол агропостың және Бұхар-Жырау ауданының Қарағанды СХОС метеостанциясының маңында онкүндіктің соңында жаздық бидай егуге кірісті.

Республиканың оңтүстігінде Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты агропостының маңында жүгері дақылдарында «9-11-ші жапырақ» даму кезеңі байқалады. Жетісу облысының Панфилов ауданында «5-ші жапырақ», Ақсу ауданының Жансүгіров метеостанциясының маңында «3-ші жапырақ» даму кезеңі байқалады. Дақылдардың жағдайы жақсы. Алматы облысының Талғар (Талғар метеостанциясы) және Еңбекшіқазақ аудандарында (Есік метеостанциясы) жүгері егуге кірісті, Талғар ауданында онкүндіктің соңында «көктеу» даму кезеңі байқалды.

Абай облысының Бородулиха, Үржар (Дмитриевка метеостанциясы, Үржар) аудандарында топырақты алдын ала өңдеуден кейін күнбағыс егуге кірісті, онкүндіктің соңында егістіктерде «көктеу» даму кезеңі байқалды. Глубоковск, Үлкен Нарын аудандарында және Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында (Березовка агропосты, Үлкен Нарын метеостанциясы, Зыряновск) күнбағыс егуге кірісті.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ (Есік метеостанциясы) және Кеген аудандарында (Жалаңаш метеостанциясы) ағымдағы онкүндіктің соңында картоп отырғызуға кірісті. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының маңында картоп түйнектерін егу жалғасуда. Жетісу облысының Алакөл ауданында (Лепсы метеостанциясы) картоп көшеттерін жерге отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының Мақтаарал, Ордабасы және Жетісай аудандарында мақта алқаптарында «көктеу»-«алғашқы нағыз жапырақ» даму кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында күріш дақылдарында «көктеу» даму кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында алма, алмұрт және шие бақтарында бұтақтарындағы «гүлденудің соңы» - «жемістердің қалыптасуы» даму кезеңдері байқалады. Жеміс дақылдарының жағдайы жақсы.

Онкүндіктің соңында жайылымдардағы шөптірдің жағдайы негізінен жақсы, шөптің өте жақсы жағдайы Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Жаңыбек ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов және Ақжар аудандарында және Түркістан облысының Созақ ауданында байқалады.

Топырақтың ылғалдылығын бақылау нәтижелері бойынша елдің батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өнімді ылғал қоры негізінен оңтайлы және қанағаттанарлық болып қалыптасты, алайда Қарағанды облысындағы бақылау учаскелерінің көпшілігінде ылғал қоры жеткіліксіз болған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарының көптеген бақылау участкілерінде топырақтың егістік қабатында ылғал қоры жеткіліксіз болып байқалған.

Жылды таңдаңыз:
Қаңтар
Icon 1-онкүндігі Icon
Icon 2-онкүндігі Icon
Icon 3-онкүндігі Icon
Ақпан
Icon 1-онкүндігі Icon
Icon 2-онкүндігі Icon
Icon 3-онкүндігі Icon
Наурыз
Icon 1-онкүндігі Icon
Icon 2-онкүндігі Icon
Icon 3-онкүндігі Icon
Сәуір
Icon 1-онкүндігі Icon
Icon 2-онкүндігі Icon
Icon 3-онкүндігі Icon
Мамыр
Icon 1-онкүндігі Icon