Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Астанада 2023 жылғы 4-5 қыркүйекте Халықаралық Аралды құтқару қорын тұрақты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссияның Консультативтік кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің қоршаған орта, экология және табиғи ресурстар үшін жауапты министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Кеңес жұмысының бірінші күні «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев баяндама жасады. «Жасыл Орталық Азия» жобасын іске асыру аясында Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі климаттың өзгеруіне бейімделу, Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді басқару жөніндегі стратегияны әзірлеу жөніндегі өңірлік жұмыс тобының құрамына қатысады, сондай-ақ қар жамылғысы мен мұздықтардың еруіне мониторинг жүргізу мақсатында MODSNOW (GFZ) моделін енгізу жұмысын жүргізеді.
Екі күндік кездесудің соңында Консультативтік кеңестің шешімдері талқыланып, отырыстың қорытындысы шығарылды.