"Қазгидромет" РМК Cел процестерін зерттеу және селдерді болжау басқармасының жетекші ғылыми қызметкері - Борис Сергеевич Степанов
9 қыркүйекте 85 жасқа толады. Борис Сергеевич Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінде 1974 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Борис Сергеевич - техника ғылымдарының кандидаты, география ғылымдарының докторы, профессор, 1961 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-геофизик мамандығы бойынша бітірген. 1961-1974 жылдар аралығында "Қазгеофизаспап" зауытының СКБ бастығы қызметін атқарды. Оның басшылық етуімен сел ағынының деңгейі мен жылдамдығын өлшейтін өте жоғары жиілікті доплер өлшегіші, сел массасының тығыздығын өлшеудің магнитометриялық әдісі және тау өзендері мен сел суларының шығынын өлшеудің сейсмикалық әдісі сияқты сел сипаттамаларын өлшеудің түйіспейтін әдістері мен құралдары әзірленді. Шамалған эксперименттері кезінде аталған аспаптардың көмегімен жүргізілген өлшеулер 1972 жылдан бастап Б. С. Степановтың басшылық етуімен жүзеге асырылып келді.
Ол КСРО өнертабыстарына 19 авторлық куәлік алды. Борис Сергеевичтің басшылық етуімен Қазақстан Республикасы аумағының сел қаупі картасы дайындалып, шығарылды, ол 160-тан астам ғылыми жұмыс, оның ішінде
5 монография жазды. Борис Сергеевич өнертабыстарды енгізгені үшін КСРО Өнертабыстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің медалімен, ғылыми зерттеулердегі жетістіктері үшін КСРО ХШЖК қола медалімен,
В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, селді зерттеу саласындағы елеулі еңбегі үшін С. М. Флейшман атындағы медальмен, ҚазССР Гидрометқызметінің 60 жылдығына байланысты
КСРО Гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрмет грамотасымен, Қазгидрометтің 100 жылдығына және Қазселденқорғаудың
40 жылдығына арналған естелік медалімен, 2-дәрежелі «ТЖМ» төсбелгісімен, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына белсене қатысып, аянбай еңбек еткені үшін Алматы қаласы әкімдігінің құрмет грамотасымен марапатталған.