Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тамыздың бірінші онкүндігінде және үшінші онкүндігінің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклондық ауа райы орнап, ауа температурасы +34+43°С дейін көтерілді. Бұл күндері республиканың жекелеген аймақтарында максималды ауа температурасының рекорды байқалды. Мәселен, 2 тамызда елордада ауа температурасы +34,3°С дейін көтеріліп, 2021 жылғы рекорд (+33,2°С) жаңарды, 5 тамызда Ақтау қаласында ауа температурасы +41,5°С-қа дейін жетіп, 2015 жылғы рекордтан (+40,2°С) асып кетті, ал Алматы қаласында +38,5°С тіркелді, бұл осы күн үшін рекордтық көрсеткіш болды. Соңғы рет абсолюттік максимум 2015 жылы орын алып, +37,1°С мөлшерінде болды.
Тамыз айында сонымен қатар жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтар байқалды. Мысалы, 10 тамызда Қарағанды қаласында тәулігіне 54 мм жауын-шашын жауды, бір айлық норма 29 мм-ді құрайды, 11, 12, 28 тамызда Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын болды, оның қалыңдығы кейде 15-47 мм-ге дейін жетті (12 тамызда Алматы қаласында 26 мм жауын-шашын жауды, норма 34 мм-ді құрайды, 14 тамызда «Мыңжылқы» метеостанциясында қалыңдығы 7 мм-ге дейін жеткен қалың қар жауды), 27, 31 тамызда Түркістан облысында 15-24 мм мөлшеріндегі қатты жаңбыр жауды (27 тамызда Шымкент қаласында 28 мм жауын-шашын жауды, айлық норма 4 мм). Айдың ішінде жел жиі күшейді, оның екпіні 15-32 м/с дейін жетті, 31 тамызда «Достық» метеостанциясында (Жетісу облысы) желдің жылдамдығы 45 м/с дейін жетті.
Астана қаласында ең төменгі ауа температурасы 14 тамызда тіркеліп, +8,7°С құрады, ал ең жоғары ауа температурасы 23 тамызда байқалып, +35,4°С құрады. Айдың ішінде 27 мм жауын-шашын жауды, айлық норма 31 мм-ді құрайды (норманың 87%-ы).