Қыркүйектің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басты егін себілетін аймақтарының басым бөлігінде бұрынғысынша мол жауын-шашынның жаууы байқалған. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жауған жауын егін жұмыстарының жүргізілуін қиындатқан.
Республиканың солтүстік жартысының жаздық бидай егістіктерінде көбінесе «толық пісу» фазасы байқалған. Егін жағдайы көбінесе жақсы, жеке учаскелерде қанағаттанарлық.
Оңтүстік облыстарда жаздық дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталды, тек Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында және Жетісу облысының Кербұлақ ауданында егін жинау жалғасуда.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері, күріш, қант қызылшасы, соя, мақта) өте жақсы және жақсы. Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында химиялық препараттармен (десикация) пісуді жеделдету үшін мақта дақылдарын өңдеуге кіріскен.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бақылау учаскелерінде күнбағыс «гүлдену» және «егіндік пісу» фазалары байқалған. Күнбағыс жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде өте жақсы, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының жеке учаскелерінде қанағаттанарлық.
Алматы, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп екпелерінде «пәлектердің солуы» кезеңі байқалған, жеке учаскелерде егін жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жеміс дақылдары бақшаларында (алма, алмұрт) көбінесе «қалыптасу» – «жемістердің пісуі» даму кезеңдері байқалған, жаппай алма жемісін жинау жалғасуда. Жеміс дақылдарының жағдайы көбінесе жақсы.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жайылымы барлық жерде жүргізілген. Шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда, Атырау облысының Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында қой қырқу жұмыстары жүргізілуде.
Жайылымдық шөптердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық. Шөптердің өте жақсы жағдайы Алматы облысының Балқаш ауданында (№4 Ауыл станциясында), Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында (Талшық станциясында) байқалған.
Жайылымдар әлсіз, кейбір аудандарда орташа тапталған. Ақтөбе облысының Ыргыз және Қобда аудандарында, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған.
Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның құрғақ күйі байқалған, батыс пен солтүстіктің кейбір жайылымдарында шымның дымқыл болуы байқалған.