Қазақстандағы ауаның ластануы туралы дөңгелек үстел

IconЖарияланды 19.09.2023

2023 жылғы 19 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК-де «Қазақстанда ауа  қаншалықты ластанған және климаттың өзгеруіне қалай әсер етуде?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қарағанды облыстық экологиялық музей мен «Арника» чех коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырды.

Іс-шара «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаеваның алғы сөзімен басталды. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшысы өз сөзінде Қазгидромет негізгі ластаушы заттар бойынша
170 стационарлық және 58 маршруттық бақылау пунктінде атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізетіндігін атап өтті. Кәсіпорын ауа сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу саласында үкіметтік емес ұйымдармен өзара белсенді іс-қимыл жасайды. Қазіргі уақытта Қазгидрометтің ақпараттық желісіне Қазақстанның жеке желілерінің (Экосервис, Павел Плотицын және «Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, Clarity, NCOC) 144 өлшеу датчигінің деректері біріктірілген. Ауа мониторингісінің нәтижелері ашық және Air.kz мобильді қосымшасында қолжетімді.

Кездесуде ЕО - ның Қазақстандағы өкілдігі жобаларының жетекшісі Снежана Попова, «Арника» компаниясының өкілі Мартин Скальский (Чехия), «World from Space»  компаниясының өкілі Матуша Хрнчияр баяндама жасады. Сонымен қатар Қарағанды Экомузейінің қызметкері Дмитрий Калмыковтың  «Парниктік газдарды есепке алу және мониторингілеу жүйесі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ресми сөз сөйлегеннен кейін дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы есептілік  жұмысы үшін деректерді жинаудың түрлі әдіснамалары мен тәсілдеріне шолу жасады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз