2023 жылғы 20 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК-де Яндекс халықаралық АТ компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
«Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева Қазақстандық ауа райы қызметінің АТ компаниясымен ынтымақтасуға, жер үсті бақылау желісінің деректерін Яндекс қосымшасына біріктіруге дайын екендігін білдірді, сондай-ақ Қазгидрометтің халыққа өзінің болжамдық өнімдерінің барынша қолжетімді болуына ұмтылатынын атап өтті.
Кездесуде ТМД-дағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директор Софья Назметдинова Яндекс өнімдері мен сервистері туралы айтып, іздеу порталының мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің тікелей қызметіне – ауа райын болжауға, ауаның ластануы туралы ақпаратқа және деректердің халыққа қолжетімділігіне қатысты мәселелерді талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар халыққа ақпарат беру үшін өнімдерді бірлесіп әзірлеу туралы келісім жасауға келісті.