Қырғызстанның Бішкек қаласында 2023 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Орталық Азия өңірінде климаттың өзгеруі және оған төзімділік бойынша жоғары деңгейдегі екінші диалог өтті. Конференция Қырғызстан ТЖ министрлігінің қолдауымен БҰҰДБ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараға ұлттық, өңірлік, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының 100-ге жуық өкілі қатысты.
Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің тарапынан спикер ретінде «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруі мониторингі» атты баяндамада Қазақстан климатының ықтимал өзгеруінің негізгі ерекшеліктері, атап айтқанда, оның жаһандық климаттан тезірек өзгеретіндігі баяндалды. Болашақта ауа температурасы жаппай көтеріліп, жауын-шашын азаяды, сондай-ақ қыс жылы және ылғалды болады деп болжануда. Алайда, климаттың өзгеруі біркелкі емес және әр аймақтың оған ұшырау және сезімталдық дәрежесі бірегей болып келеді.