2023 жылғы 2 қазанда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы (ДМҰ) VI өңірлік қауымдастығының (VI ӨҚ - Еуропа) басқарушы тобының алғашқы отырысы онлайн форматта өтті.
Жиын барысында қатысушы елдер Интеграцияланған жаһандық байқау жүйесі бойынша өңірлік орталықтардың (ИЖБЖӨО) жұмысы, HydroSOS бастамасын іске асыру және ДМҰ-ның «Барлық елдерге арналған алдын ала ескерту» атты бастамасы мәселелерін талқылады.
ИЖБЖӨО-ның міндетті функцияларына метадатаны басқару және аймақтардағы мәліметтер сапасын мониторингілеу кіреді. HydroSOS тұтастай алғанда гидрометеорологиялық қызметтер мен халыққа өзекті гидрологиялық ақпарат беретін бірегей операциялық жүйені құруға бағытталған.
Отырысқа қатысушы барлық елдердің баяндамалары онлайн форматында тыңдалды. Алдағы екі жылда өтетін кездесулердің тақырыбына егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз іс-әрекеттерін үйлестіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.