2023 жылғы 2-5 қазан аралығында Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері Жасыл Орталық Азия жобасы аясында Германияның Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінен келген топтың бағдарламасы бойынша оқудан өтуде. Неміс жоғары оқу орнының өкілдері доктор Мухаммад Усман мен Клара Атенштедт «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжау департаментінің мамандары үшін офлайн курс өткізіп жатыр.
Қонақтар Droughtmap-ASB құралы және оның ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Droughtmap-ASB - Орталық Азия елдері үшін арнайы әзірленген құрғақшылықты мониторингілеу құралы және ол ауыл шаруашылығын суару жүргізілетін, Арал теңізіне іргелес аймақтарда қолданылады.
Неміс университеті әзірлеген бағдарлама спутниктік деректерді пайдалана отырып құрғақшылықты мониторингілеу, сондай-ақ оған құрғақшылық жөніндегі тарихи деректерді, негізгі карталарды және суаруды басқару жүйелерін біріктіру мүмкігін береді. Құрал әр 15 күн, ай және маусым сайын бюллетень түріндегі мониторинг нәтижелерін алуға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік ұйымдар мен фермерлер үшін шешім қабылдауға көмектеседі.