Қыркүйектің үшінші онкүндігінде Қазақстанның басты егін егетін аймағының басым бөлігінде әлі де мол жауын-шашынның түсуі байқалуды, (еліміздің батысынан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа) бұл егін жинау жұмыстарын жүргізу қарқынын төмендеткен. Түнгі уақытта солтүстік облыстарда, елдің шығысы мен орталығында минус 2-5°С дейін (кей жерлерде минус 7°С дейін) болған үсік жаздық дәнді дақылдардың піскен дәндері үшін қауіпті болмаған, бірақ таңертеңгі уақытта егін жинау жұмыстарын жүргізуді қиындатқан. Республиканың солтүстік жартысында бидайды жаппай жинау науқаны жалғасуда.
Республиканың оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда егіс жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Алматы (Ұзынағаш станциясы) облысының бақылау учаскелерінде «көктеу»-«3-ші жапырақ», Жамбыл облысында (Қордай агропосты) «дәннің өнуі», дала жұмыстарының сапасы жақсы.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері, күріш, соя, мақта) өте жақсы және жақсы. Күріш, соя жинау жұмыстары жалғасуда.
Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының бақылау учаскелерінде «егіндік пісуі» кезеңі байқалған. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бақылау учаскелерінде күнбағыс жинауға кіріскен.
Алматы және Қарағанды облыстарында картоп екпелерінде картоп жинауға кіріскен.
Жеміс дақылдары бақшаларында (алма, алмұрт, таңқурай) республиканың оңтүстік облыстарында көбінесе «жемістердің пісуі» – «пісудің басталуы» кезеңдері байқалған. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент станцияларының маңайындағы алма бақтарында жемістердің нашар жағдайы байқалды, қалған бақылау учаскелерінде жақсы және қанағаттанарлық.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жайылымы барлық жерде жүргізілген. Батыста, оңтүстік-батыста, орталықта және солтүстікте шөптерді жинау, тасымалдау және шабу жалғасуда.
Жайылымдық шөптердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық. Жайылымдар әлсіз, кейбір аудандарда орташа тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз және Қобда аудандарында, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында батыстың, оңтүстік-батыстың, оңтүстік-шығыстың, солтүстіктің және орталықтың кейбір жайылымдарында шымның құрғақ күйі орын алған.