2023 жылдың 6 қазаны күні «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының еңбек сіңірген зейнеткері Величко Мария Александровна кенеттен қайтыс болды.
Величко Мария Александровна Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі жүйесінде 43 жыл еңбек етті. 1975 жылы Щучинск метеорологиялық станциясына кіші техник-метеоролог лауазымын атқаруға келді. 2015 жылы метеостанция бастығы лауазымын атқарып жүрген кезде еңбек сіңірген демалысқа шықты.
Мария Александровна өзінің жасына қарамастан, соңғы төрт жылда Щучинск метеостанциясында тәлімгер және техник метеоролог ретінде қайтадан жұмысқа кірісті.
Мария Александровна еңбек қызметі кезеңінде өзінің метеостанциясын дамытуға белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар Бурабай (2006 ж.), Новомарковка (2009 ж.) және Степняк (2011 ж.) жаңа метеорологиялық станцияларын ашуға көмектесті.
Мария Александровна тамаша тәлімгер болды, өзінің жоғары кәсібилігімен және жұмысына шексіз берілгендігімен ерекшеленді. Ол «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының көптеген метеорологтарына ауқымды білім базасын берді.
Мария Александровна ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет еткені үшін Қазақстан Конституциясының 10 жылдығына, Қазгидрометтің 90 және 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальдермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды, 1981 жылы оған «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді.
«Қазгидромет» РМК ұжымы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.