2023 жылдың 10-11 қазаны аралығында Румынияның Бухарест қаласында бірнеше негізгі тақырыптарды, соның ішінде «Бүкіл әлемге уақтылы ескерту» бастамасын қамтыған аймақтық ғылыми форум өтті. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің тарапынан талқылауға «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев қатысты.
Бұл іс-шара арқылы ғылыми білімді ілгерілету және оның қоғамға оң әсері бойынша нәтижелі талқылаулар жүргізуге, идеялармен алмасуға және мақсаттарды қалыптастыруға арналған алаң құрылды.
Форум аяқталғаннан кейін «Шешім» қабылданды, ол болашақ бастамалардың бағыты үшін маңызды жол болып табылады. Бұл құжатта ауа-райына, су ресурстарына және климатқа қатысты өзекті мәселелерді шешудегі күш-жігер мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы баса айтылды, сондай-ақ планетамыз бен болашақ ұрпақтың мүддесі үшін оларды іске асырудың нақты қадамдары анықталды.